МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКАДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУДА ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Берілген мақалада оқушының физика пәніне деген қызығушылығын
арттыру ерекшеліктері айтылады. Бұл ерекшеліктің бірі –
зертханалық жұмыс жүргізу болып табылады. 8–10 – сыныптың
физика курсында молекулалық физика бөлімі бойынша жүргізілетін
зертханалық жұмыстардың сапасын арттыруда қазіргі жиі қолданыс
тауып отырған цифрлық зертхананың қолданылуы туралы айтылады.
Цифрлық зертхананың маңыздылығы, датчиктардың қызметтері,
олардың дәстүрлі зертханалық жұмыстардан айырмашылығы
ашылып көрсетіледі. Оқыту процесін ұйымдастыруда жаңа заманауи
құрылғыларды пайдалану мен жаңа цифрлық зертхананы меңгеру
өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан да физика пәнінің мұғалімі
үшін физикалық экспериметтерді модельдеп, заман ағымымен
байланыстырып жүргізу физикалық ұғымдарды терең, мағыналы,
сауатты жеткізуге, физикалық құбылыстарды ұғындыруға және
заңдар мен тұжырымдамаларды тәжірибе жүзінде дәлелдеуде
маңызы зор екендігі белгілі. Қазіргі таңда оқушының қызығушылығы
цифрлық технологияда екендігін біле отырып, сол қажеттілікке
байланысты жұмыстану заман талабы болып отыр. Осы
қажеттілікті қанағаттандыруда кез келген мұғалім жұмыстанып,
өз сабағының сапасын арттырып отырады.
Цифрлық зертхананың құралдары мен жұмыс жасау
принциптері оқыту процесінің бағытын дамытып, оқушылардың
ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылық, зерттеушілік,
бақылаушылық, іздемпаздық дағдыларын қалыптастырады.
Автор
Э. К. Бородосова, А. Н. Кушеккалиев
DOI
https://doi.org/ 10.48081/EZKZ4794
Ключевые слова
молекулалық физика, цифрлық зертхана.
Год
2021
Номер
Выпуск 2
Для цитирования:
Э. К. Бородосова, А. Н. Кушеккалиев МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКАДАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУДА ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2021 - №2 - https://doi.org/ 10.48081/EZKZ4794
Скопировано!