КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация
Оқушының оқу іс-әрекетін бағалау оқушылардың оң уәжін
қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі өзгерістер
– білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы
жаңа тәсіл критериалды бағалау болып табылады. Критериалды
бағалау технологиясын білім беру процесіне енгізудің мақсаты, бір
жағынан, мемлекет пен қоғамның оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың жаңа жүйесіне қажеттілігін, екінші жағынан,
оқушының оқу жетістіктерін өздігінен бағалауының объективті,
әмбебап жүйесіне қажеттілігін қанағаттандырады. Осылайша,
критериалды бағалау технологиясының мақсаты –оқу-танымдық
іс-әрекеттің сәттілік деңгейін бағалау жүйесін жеке оқу курсының
мақсатты параметрлерімен байланыстыруға мүмкіндік беретін
белгілі бір критерийлерді қолдану арқылы анықтау және арттыру,
мектеп білімінің тиісті сатысында оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыру болып табылады. Бұл мақалада критериалды
бағалаудың анықтамасы беріледі, критериалды бағалаудың негізгі
принциптері келтіріледі.
Автор
Н. К. Токжигитова, К. С. Дарибаева
DOI
https://doi.org/10.48081/NDIG8981
Ключевые слова
критериалды бағалау, оқу процесі, әдістеме, критерий, формативті бағалау.
Год
2020
Номер
Выпуск 4
Для цитирования:
Н. К. Токжигитова, К. С. Дарибаева КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2020 - №4 - https://doi.org/10.48081/NDIG8981
Скопировано!