ТУННЕЛЬДІК ДИОДТЫҢ ВОЛЬТ-АМПЕРЛІК СИПАТТАМАСЫН ЗЕРТТЕУДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
Аннотация
Өлшеуді автоматтандыру мәселесі көптеген жылдар бойы
өзекті болып табылады. Өлшеулерді автоматтандыру әдеттегі
біртектес әрекеттерден құтылуға және адам факторымен
енгізілген қателікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Мақаланың мақсаты туннельдік диодтың вольт-амперлік
сипаттамасын зерттеуді автоматтандыруды микроконтроллер
көмегімен жүзеге асыру болып табылады. Өлшеуді автоматтандыру
жүйесі – бұл тұтынушыға ұсыну, бақылаудың, диагностиканың,
сәйкестендірудің логикалық функцияларын іске асыру мақсатында
өлшеу ақпараттарын алуға, оны қайта құруға, өңдеуге арналған
функционалдық біріктірілген өлшеу, есептеу және басқа да қосалқы
техникалық құралдардың жиынтығы. Өлшеуді автоматтандыру
жүйесі тұтынушыға өлшеумен бірге автоматты жинауды,
ұсынуды, беруді, есте сақтауды, тіркеуді және өңдеуді қоса алғанда,
бақыланатын объектінің барлық қажетті ақпараттық сервисін
қамтамасыз етеді. Бұл мақалада аналогты-сандық түрлендіргіш
және оның ерекшелітері, Atmega328 микроконтроллері, оның
құрылымы, жұмыс істеу принципі мен негізгі параметрлеріне
қысқаша түсінік беріледі. Сонымен қатар, автоматтандыру
туралы теориялық түсінік көрсетіледі. Arduino Uno арқылы
алға қойылған мақсат, яғни туннельдік диодтың вольт-амперлік
сипаттамасын зерттеуді автоматтандыру эксперименттік түрде
жүзеге асырылады. Автоматтандыруды эксперименттік түрде
шешу барысында Proteus программалау ортасы қолданылады.
Автор
А. С. Шутанова, Д. Б. Жұмабеков
DOI
https://doi.org/10.48081/MCOH8258
Ключевые слова
туннельдік диод, вольт-амперлік сипаттама, Arduino Uno микроконтроллері, автоматтандыру, аналогты- сандық түрлендіргіш.
Год
2021
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
А. С. Шутанова, Д. Б. Жұмабеков ТУННЕЛЬДІК ДИОДТЫҢ ВОЛЬТ-АМПЕРЛІК СИПАТТАМАСЫН ЗЕРТТЕУДІ АВТОМАТТАНДЫРУ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2021 - №1 - https://doi.org/10.48081/MCOH8258
Скопировано!