ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ШАБУЫЛДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада компьютерлік бұзу әдістері мен олардың алдын
алу жолдарына арналған зерттеулер жүргізілген және хакерлердің
осы немесе басқа да заңсыз әрекеттерді жүзеге асырудың себептері
тексеріледі. Негізгі назар хакерлік шабуылдардың түрлеріне, сондай-
ақ қарапайым пайдаланушыны компьютерлік бұзудан сақтайтын
ережелерге аударылады. Ұйымның ақпараттық жүйесін бұзылуы
және ақпараттың жойылуы тіпті ірі кредиттік ұйымның ыдырауына
әкеледі деген фактімен расталады. Бұл барлық транзакциялар
туралы ақпарат электронды түрде сақталғанына байланысты.
Осыған орай, қызметі ақпараттық активтердің тұтастығы
мен қолжетімділігіне тәуелді болатын барлық ірі компанияларда
ақпараттық қауіпсіздікке кететін шығындары артып келеді. Кез
келген ұйым немесе кәсіпорын деректер базасынсыз жұмыс істеуі
мүмкін емес, соған байланысты хакерлер деректер базасына шабуыл
жасайды. Олар құнды қағаз деректерін немесе құнды деректерді
ұрлауы, ұйымның ыдырауына немесе қомақты қаржы жұмсалуына
әкеп соғаныты белгілі. Сол себептен кәзірге заманда ұйымның
осындай шабуылдарға қарсы қалай жұмыс атқару керек, қалай
қорғану керек туралы зерттеулер жүргізілуі қажет. Сондықтан осы
мақалада, шабуылдар туралы зерттеулер және оларға қарсы қалай жұмыс атқарылуы туралы зерттеулер жүргізілген
Автор
Е. А. Орынбай, Б. О. Куламбаев
DOI
https://doi.org/10.48081/PVUJ8041
Ключевые слова
хакер, бағдарламалық жасақтама шабуылдары, компьютерлік бұзу әдістері, компьютерлік технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік.
Год
2021
Номер
Выпуск 3
Для цитирования:
Е. А. Орынбай, Б. О. Куламбаев ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ШАБУЫЛДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2021 - №3 - https://doi.org/10.48081/PVUJ8041
Скопировано!