ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
Бұл мақаланың негізгі мақсаты ядролық физика және элементар бөлшектерді мектеп физикасында оқытудың маңыздылығын көрсету. Ғалымдардың осыған дейінгі зерттеген зерттеулерімен ұсынған әдебиеттеріне сүйене отырып, ядролық физика және элементар бөлшектердің негізгі компоненттерімен, олардың өзара әрекеттесу күшімен байланысты. Бөлшектер физикасының стандартты моделі, ол бөлшектер арасында әрекет ететін күштердің өздері бөлшектер алмасуымен сипатталатын біртұтас көріністі қамтамасыз етеді. Және де бөлшектердің пайда болуымен олардың шығу тарихы, олардың қасиеттерімен құрылымдары келтірілді. Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасының заңдылықтарымен Резерфорд тәжірибесіне, атомның құрылымына тоқталып, атом моделіне сипаттама берілді. Кварк моделі, бариондар қарастырылып, олардың құрылымдарының маңыздылығы көрсетілген. Кварк гипотезасының сенсациялылығы кварктарға жататын электрлік және бариондық зарядтардың бөлшектік сипатында жатыр. Табиғатта болатын негізгі өзара әрекеттесу түрлері, соның ішінде гравитациялық және электромагниттік өзара әрекеттесуге сипаттама берілді.
Элементар бөлшектерді зерттеуде соңғы уақытта ірі табыстарға қол жетті, ол XXI ғасырдағы табиғат заңдылықтарын түсінуіміздің негізі болып табылады. Элементар бөлшектердің күрделі болатындығы олардың бір-бірімен әсерлесетіндігіне байланысты, бір-бірімен әсерлесе отырып басқа бір элементар бөлшектерге түрленеді. Осы түрлену кезінде энергияның, импульстың және қозғалыс мөлшерінің заңдары, сондай-ақ арнаулы заңдар да орындалады. Зерттеу жұмысы барысында 9-сыныптар арасында берілген білімді қорытындылау мақсатында жүргізілген сабақ нәтижесі берілді. Сабақ нәтижесі 9-сыныптардың білім деңгейін салыстырып, нәтижесі диаграмма түрінде көрсетілді.
Автор
Байкутова Аружан
Заурбекова Нурбике
DOI
https://doi.org/10.48081/GOAZ6921
Ключевые слова
электрон
позитрон
Резерфорд тәжірибесі
атом моделі
ядро
кварк
граитация
Год
2023
Номер
Выпуск 4
Для цитирования:
Байкутова Аружан, Заурбекова Нурбике ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2023 - №4 - https://doi.org/10.48081/GOAZ6921
Скопировано!