ҮШКОМПОНЕНТТІК ГАЗДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАССАТАСЫМАЛДАУҒА ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАНАЛДЫҢ СИПАТТЫ ӨЛШЕМІНІҢ ӘСЕРІ
Аннотация
Мақалада үшкомпоненттік газдарының диффузиялық араласудағы механикалық тепе-теңдіктің орнықсыздығын балласты газдар әдісімен зерттеуі қарастырылған. Мұндай жүйелерде массатасымалдау бинарлық қоспада байқалмайтын эффекттермен қосарласып өтеді. Диффузиялық процесте әртүрлі сұйытқыш газдар қасиеттері бойынша бір-бірінен ерекешелетін газдар колданады. Бұл әдістің артықшылығы диффузиялық аспаптар мен эксперименті жүргізу тәсілі әдеттегі диффузия коэффициентерін өлшеудегідей болып қалады.
Үшкомпоненттік балласты газды жүйелерін эксперименттік зерттеулерде сұйылтқыш газдың диффузиялық канал бойынша циркуляциясы орнықсыз араласуды тудыратыны дәлелденген. Осыдан изотермдік көпкомпоненттік жүйелер үшін орнықты диффузия, монотонды және тербелмелі орнықсыздықтың мүмкін болатын аймақтарын көрсетуге болады. Мұндай құбылыстар белгілі жүйелерде нақты термодинамикалық параметрлер мен диффузиялық каналдың геометриялық сипаттамаларымен байланыстылығы кейінгі зерттеулерде анықталды.
Диффузиялық каналдың сипатты өлшемінің конвективтік араласу қарқындылығына әсері теориялық тұрғыдан зерттелді. Канал ретінде биіктігі шектеулі, масса өткізбейтін тік цилиндр қарастырылады. Массаны тасымалдау режимінің өзгерісі критикалық диаметр кезінде орын алатыны көрсетілді. Теориялық нәтижелер 0,475 Не + 0,525 Ar – N₂ жүйесіне жүргізілген эксперименттік деректермен салыстырылды. Қарастырылып отырған жүйе үшін диффузияның бұзылуы сындық диаметрі 2,85 мм болғанда байқалады.
Автор
М.К.Асембаева1, *Ә.Ә. Ақжолова2, М.С.Молдабекова3, Нургасымова Б.
DOI
10.48081/BGQF1890
Ключевые слова
диффузиялық канал, үшкомпонентті газ жүйесі, массатасымалдау, диффузиялық тұрақсыздық, конвективті ағын, критикалық мән
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
М.К.Асембаева1, *Ә.Ә. Ақжолова2, М.С.Молдабекова3, Нургасымова Б. ҮШКОМПОНЕНТТІК ГАЗДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАССАТАСЫМАЛДАУҒА ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАНАЛДЫҢ СИПАТТЫ ӨЛШЕМІНІҢ ӘСЕРІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 119-131 10.48081/BGQF1890
Скопировано!