Вестник Торайгыров университета
Серия: физика, математика и компьютерные науки
search Найти
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада орта буын оқушыларына физиканы оқытуда геймификацияны қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Заманауи білім беру жүйесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқу жетістігін жақсарту мақсатында ойын элементтерін енгізудің теориялық және практикалық негіздері сипатталады. Авторлар геймификацияның мотивациялық, дидактикалық және тәрбиелік әсерін ғылыми деректермен дәлелдей отырып, өз тәжірибелерінен алынған нәтижелермен бөліседі. Зерттеу аясында 7-сынып оқушылары арасында «Физика ғажайыптары» атты авторлық үстел ойыны және басқа да ойын түрлері қолданылып, олардың оқу процесіне ықпалы анықталды. Экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру арқылы геймификацияның оқу мотивациясы мен үлгеріміне оң әсері расталды. Ойын элементтері арқылы оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және топта жұмыс істеу қабілеттері дамып, пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артқаны байқалды. Мақалада геймификация құралдарын қолдану арқылы оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдету, дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және оқыту сапасын арттыру жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдар беріліп, сабақ құрылымында ойын әдістерін тиімді қолдану жолдары көрсетіледі. Бұл зерттеу физиканы оқытуда инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері геймификацияның тек пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар оқушының жеке тұлғалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуда да маңызы зор екенін көрсетеді. Әсіресе, оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы мен ынтасын арттыруда ойын әдістері айтарлықтай рөл атқарады.
Автор
Акылбекова Айман Дуйсембаевна,
Маратова Индира Маратовна
DOI
10.48081/BGQF1899
Ключевые слова
геймификация, физика, мотивация, ойын, оқу жетістігі, әдістеме, құзыреттілік.
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Акылбекова Айман Дуйсембаевна, , Маратова Индира Маратовна ФИЗИКА САБАҒЫНДА ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 260-271 10.48081/BGQF1899
Скопировано!
11-СЫНЫПТА ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА БОЙЫНША ТРАНСПӘНДІК МИНИ-ЖОБАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Мақала 11-сыныпта толқындық оптика бойынша транспәндік мини-жобаларды ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктеріне арналған. Зерттеудің өзектілігі жоғары сынып оқушыларының бойында пәнаралық ойлауды, зерттеушілік дағдылары мен күрделі физикалық құбылыстарды оқып білуге деген ынтасын қалыптастыруға деген қажеттілікпен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – 11-сыныпта толқындық оптика тарауын оқытуда транспәндік тұғырды қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтау, талдау. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды: 1) транспәндік оқыту мен жобалық іс-әрекетке қатысты теориялық мәселелерді зерттеу; 2) орта мектепте физиканы оқытуда STEM элементтері ретіндегі PBL-ді қолдану мысалдарына талдау жасау; 3) «Толқындық оптика» тарауын оқытуда физиканың басқа пәндермен біріктіретін мини-жобалардың құрылымын жасау; 4) бағалау критерийлері мен ресурстарды таңдауды қоса алғанда, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу. Мақалада теориялық әдістер, оның ішінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық тәжірибелерді салыстырмалы түрде талдау, мини-жобалардың құрылымын модельдеу. Сонымен қатар, мини-жобаларың құрылымдық модельдерін, оларды ұйымдастырудың алгоритмін, пәнаралық білімдердің интеграциясының нұсқаларын және жарықтың интеррференциясы, дифракциясы мен поляризациясын оқып білуге бағытталған тапсырмалардың мысалдарын әзірлеуге көңіл бөлінген. Зерттеу нәтижесінде транспәндік мини-жобалардың ұйымдастырудың моделі, транспәндік тапсырмалардың мысалдары, әдістемелік ұсыныстар жасалынды.
Автор
Искакова А.Б.
Әділбек Н.Ж.
Зейтова Ш.С.
DOI
10.48081/BGQF1900
Ключевые слова
физика
толқындық оптика
интерференция
дифракция
транспәдік тұғыр
пәнаралық байланыс
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Искакова А.Б., Әділбек Н.Ж., Зейтова Ш.С. 11-СЫНЫПТА ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА БОЙЫНША ТРАНСПӘНДІК МИНИ-ЖОБАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 272-286 10.48081/BGQF1900
Скопировано!
ҮШКОМПОНЕНТТІК ГАЗДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАССАТАСЫМАЛДАУҒА ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАНАЛДЫҢ СИПАТТЫ ӨЛШЕМІНІҢ ӘСЕРІ
Аннотация
Мақалада үшкомпоненттік газдарының диффузиялық араласудағы механикалық тепе-теңдіктің орнықсыздығын балласты газдар әдісімен зерттеуі қарастырылған. Мұндай жүйелерде массатасымалдау бинарлық қоспада байқалмайтын эффекттермен қосарласып өтеді. Диффузиялық процесте әртүрлі сұйытқыш газдар қасиеттері бойынша бір-бірінен ерекешелетін газдар колданады. Бұл әдістің артықшылығы диффузиялық аспаптар мен эксперименті жүргізу тәсілі әдеттегі диффузия коэффициентерін өлшеудегідей болып қалады. Үшкомпоненттік балласты газды жүйелерін эксперименттік зерттеулерде сұйылтқыш газдың диффузиялық канал бойынша циркуляциясы орнықсыз араласуды тудыратыны дәлелденген. Осыдан изотермдік көпкомпоненттік жүйелер үшін орнықты диффузия, монотонды және тербелмелі орнықсыздықтың мүмкін болатын аймақтарын көрсетуге болады. Мұндай құбылыстар белгілі жүйелерде нақты термодинамикалық параметрлер мен диффузиялық каналдың геометриялық сипаттамаларымен байланыстылығы кейінгі зерттеулерде анықталды. Диффузиялық каналдың сипатты өлшемінің конвективтік араласу қарқындылығына әсері теориялық тұрғыдан зерттелді. Канал ретінде биіктігі шектеулі, масса өткізбейтін тік цилиндр қарастырылады. Массаны тасымалдау режимінің өзгерісі критикалық диаметр кезінде орын алатыны көрсетілді. Теориялық нәтижелер 0,475 Не + 0,525 Ar – N₂ жүйесіне жүргізілген эксперименттік деректермен салыстырылды. Қарастырылып отырған жүйе үшін диффузияның бұзылуы сындық диаметрі 2,85 мм болғанда байқалады.
Автор
М.К.Асембаева1, *Ә.Ә. Ақжолова2, М.С.Молдабекова3, Нургасымова Б.
DOI
10.48081/BGQF1890
Ключевые слова
диффузиялық канал, үшкомпонентті газ жүйесі, массатасымалдау, диффузиялық тұрақсыздық, конвективті ағын, критикалық мән
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
М.К.Асембаева1, *Ә.Ә. Ақжолова2, М.С.Молдабекова3, Нургасымова Б. ҮШКОМПОНЕНТТІК ГАЗДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАССАТАСЫМАЛДАУҒА ДИФФУЗИЯЛЫҚ КАНАЛДЫҢ СИПАТТЫ ӨЛШЕМІНІҢ ӘСЕРІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 119-131 10.48081/BGQF1890
Скопировано!
СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Мақалада магниттік реттілікті жүйедегі спиндік толқындардың макроскоптық, кванттық қасиеттері және олардың қолданылу механизмдеріне қатысты теориялық зерттеулер ұсынылған. Магниттік момент пен магнит өрістерінің тербелісі Фурье бейнеде қарастырылып, магнит қабылдағыштықтың уақыттық‒кеңістіктік дисперсиясы Максвелл теңдеулерінің көмегімен шығарылған. Магнитостатикалық жуықтаулар арқылы спиндік толқындардың спектрін анықтайтын дисперсиялық теңдеуді алу жолдары ұсынылды. Спиндік толқындардың әлсіреу (өшу) механизмдері мен олардың параметрлік қоздырылуы қарастырылды. Қозғалыс теңдеуінің көмегімен магниттік момент тығыздығының біртекті және біртексіз тербелістерінің өзара байланыстары бағаланды. Есептеулер кезінде магниттік анизотроптық энергия ескерілмеді, сонымен бірге толқындық вектор нөлге тең және нөлге тең емес деп алынды. Ферромагнетиктен өтетін ауыр және жеңіл бөлшектердің шоғыры (сәулесі) арқылы спиндік толқындарды қоздыру және оларды күшейту мәселесі гидродинамиканың негізгі теңдеуі арқылы шешілді. Бұл теңдеу арқылы шоғырдағы жеңіл бөлшектердің концентрациясы мен жылдамдықтарының кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістері тексерілді. Эйлерлік координаталарда ферромагнетиктің бірлік массасына келетін серпімділік күші мен ферромагнетик энергиясының тығыздығы магнитостатика теңдеулері мен үзіліссіздік теңдеуі арқылы анықталды. Ферромагнетиктің потенциялдық энергиясының тығыздығы мен эффективті магнит өрісіне арналған өрнектер эйлерлік және лагранждық координаталардың инварианттары арқылы жазылды. Өзара әсерлесуші екі магноннан тұратын жүйедегі байланысқан күйлер ферромагнетиктің гамильтонианы мен импульстік көріністегі екі магнондық толқындық функцияға арналған Шредингер теңдеуімен зерттелді. Жекелеген атомдар спиндерінің бағыттарының арасындағы күшті корреляциялар спиндердің корреляциялық функциялары арқылы сипатталды, олар Фурье құраушылар мен Грин функциясы арқылы өрнектелді.
Автор
Т.Б. Қоштыбаев
К.Қ. Жантлеуов
Б.Ә. Камал
М.Е. Алиева
Ұ.Б. Құрбанғалиев
DOI
10.48081/BGQF1895
Ключевые слова
спиндік толқындар
магниттік момент
магнондар
ферромагнетик
дисперсиялық теңдеу
магнитостатика теңдеулері
эйлерлік және лагранждық координаталар
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Т.Б. Қоштыбаев, К.Қ. Жантлеуов, Б.Ә. Камал, М.Е. Алиева, Ұ.Б. Құрбанғалиев СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 198-218 10.48081/BGQF1895
Скопировано!
ИОННЫЙ ПЕРЕНОС И КОНЦЕНТРАЦИОННАЯ ПОЛЯРИЗАЦИЯ В ТЕРМОЭЛЕКТРИЧЕСКИХ МАТЕРИАЛАХ LixCu2-yS
Аннотация
В данной статье представлены экспериментальные результаты влияния литиевого легирования на концентрационную поляризацию и ионную проводимость нанокомпозитных сульфидов меди состава LixCu2-yS (x = 0.09, 0.12, 0.16) в температурном интервале 350–420 °C. Исследования проведены в условиях гальваностатического нагружения при токе 1 мА с использованием симметричных электрохимических ячеек Cu/CuBr/LixCu2-yS/CuBr/Cu с электронно-блокирующими электродами. Ионную проводимость сульфидов меди исследовались в режиме постоянного тока с применением слоев CuBr, выполняющих функцию ионно-селективных барьеров и подавляющих перенос электронных носителей заряда. В таких условиях электрический ток через образец обусловлен преимущественно миграцией ионов Cu⁺. Показано, что увеличение содержания лития приводит к снижению амплитуды концентрационной поляризации и сокращению времени установления стационарного режима, что связано с возрастанием ионной подвижности и перестройкой дефектной структуры материала. Установлено наличие двух температурных режимов переноса для составов с x = 0.12 и 0.16, указывающих на изменение механизма миграции ионов и формирование суперионного состояния. Показано, что в установившемся режиме перенос заряда носит преимущественно ионный характер. Экспериментальные результаты по ионной проводимости позволили установить влияние степени литиевого легирования на транспортные свойства материалов, определить температурные особенности ионного переноса и выявить составы с повышенной ионной подвижностью. Полученные результаты позволяют определить оптимальные составы и условия работы сульфидов меди системы Li-Cu-S как высокотемпературных ионпроводящих материалов для твердотельных электрохимических устройств.
Автор
М. М. Кубенова, М. Х. Балапанов, К. А. Кутербеков, Ж. А. Муханова, А. Ж. Мукашева
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF1892
Ключевые слова
синтез, халькогениды меди, термоэлектрические материалы, ионная проводимость, концентрационная поляризация, энергия активации.
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
М. М. Кубенова, М. Х. Балапанов, К. А. Кутербеков, Ж. А. Муханова, А. Ж. Мукашева ИОННЫЙ ПЕРЕНОС И КОНЦЕНТРАЦИОННАЯ ПОЛЯРИЗАЦИЯ В ТЕРМОЭЛЕКТРИЧЕСКИХ МАТЕРИАЛАХ LixCu2-yS // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 147-165 https://doi.org/10.48081/BGQF1892
Скопировано!
Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін эксперименттік зерттеу
Аннотация
Іле Алатауының таулы аймақтарындағы көшкін процестері жергілікті қауымдастықтар мен инфрақұрылымға әсер ететін ең маңызды табиғи қауіптердің бірі болып қала береді. Бұл зерттеу аймақтың шығыс бөлігіндегі жақында болған көшкіннің геологиялық, геоморфологиялық және геотехникалық жағдайларын зерттейді. Жақында бұл аймақтың шығыс бөлігінде адам шығыны мен жергілікті инфрақұрылымның бұзылуына әкеліп соқтырған көшкін оқиғасы қауіптерді бағалау және болжау үшін сенімді инженерлік–геологиялық деректердің шұғыл қажеттілігін тағы бір рет көрсетті. Бұл аймақта жаппай ысыраптау процестерінің жоғары қайталануына қарамастан, көптеген беткейлер топырақтың физикалық–механикалық қасиеттері, ылғал режимі және маусымдық өзгергіштігі тұрғысынан әлі де жеткіліксіз зерттелген. Осыған орай бұл жұмыста 2025 жылдың 14 мамырында және 2025 жылдың 28 ақпанында бойлық профиль бойымен тұрақты аралықпен топырақ үлгілерін жинау үшін далалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу аймағында үстемдік ететін коллювиалды–делювиалды шөгінділердің физикалық–механикалық қасиеттерін бағалау үшін топырақ үлгілері алынды. Бұл тұрғыда жиналған топырақ сынамаларын далалық зерттеулер мен зертханалық зерттеулерді жүргізудің ерекше ғылыми және практикалық маңызы бар. Мұндай деректер еңістің тұрақсыздығы орын алған геотехникалық жағдайлардың шынайы көрінісін қамтамасыз етеді және көшкінге бейімділікті дәлірек бағалауды әзірлеуге негіз болады. Биіктік, топырақ тығыздығы және ылғалдың жиналуы арасындағы байланысты бағалау зерттеу аймағында басым болатын делювиалды–пролювиалды шөгінділердегі еңістің бұзылуының триггерлері мен механизмдерін түсіну үшін өте маңызды. Іле Алатауының тау бөктері мен орта таулы аймақтарындағы елді мекендердің, демалыс орындарының, инженерлік инфрақұрылымның кеңеюін ескере отырып, көшкін қаупін бағалаудың сенімділігін арттыру стратегиялық басымдыққа айналды. Осылайша, бұл зерттеудің нәтижелері ғылыми түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар ерте ескерту жүйелерін жетілдіру, жерді пайдалануды қауіпсіз жоспарлауды қолдау және қауіпті еңіс процестерімен байланысты болашақ әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайту үшін де өзекті болып табылады.
Автор
Абдуллаева Жансая Бақытжанқызы
Заурбекова Нурбике Джумабаевна.
DOI
10.48081/BGQF1889
Ключевые слова
Іле Алатауы, көшкін қаупі, еңістің тұрақтылығы, коллювиалды–делювиалды шөгінділер, топырақтың физикалық қасиеттері, тығыздықтың өзгеруі, далалық сынамаларды алу, маусымдық ылғал әсерлері.
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Абдуллаева Жансая Бақытжанқызы, Заурбекова Нурбике Джумабаевна. Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерін эксперименттік зерттеу // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 98-118 10.48081/BGQF1889
Скопировано!
ҒАРЫШТЫҚ ОРТАДА FBG СЕНСОРЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл жұмыста Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорларының ғарыштық орта жағдайында ұзақмерзімді тұрақтылығы мен сенімділігін кешенді түрде бағалауға арналған көпфакторлы әдістеме ұсынылады. Зерттеу ғарыштық ортаға тән вакуум, кең температуралық тербелістер, иондаушы радиация және механикалық жүктемелер сияқты әсерлердің FBG сенсорларының өлшеу дәлдігіне, Bragg толқын ұзындығының уақыт бойынша дрейфіне және сезімталдық коэффициенттерінің тұрақтылығына ықпалын жүйелік тұрғыда талдауға бағытталған. Ұсынылған тәсіл сенсордың тек физикалық принциптерімен шектелмей, оның материалдық қасиеттерін, қаптама (encapsulation) технологиясын, ғарыштық құрылымға интеграция сапасын және өлшеу-интеррогация тізбегінің ұзақмерзімді тұрақтылығын біртұтас өзара байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Әдеби деректер мен эксперименттік нәтижелерді салыстырмалы талдау FBG сенсорларының сенімділігі жекелеген элементтердің сипаттамаларымен емес, «сенсор–қаптама–құрылым–интеррогация» жүйесіндегі интерфейстердің күйі мен өзара әсерімен анықталатынын көрсетеді. Bragg толқын ұзындығы дрейфінің қаптама түріне, сенсордың орналасу аймағына және интеграция сапасына тәуелді сандық айырмашылықтары ұзақмерзімді мониторинг дәлдігін жүйелік деңгейде басқаруға болатынын дәлелдейді. Бұл жұмыс ғарыштық құрылымдардың құрылымдық денсаулығын бақылауға арналған SHM жүйелерін жобалау мен оңтайландыру үшін ғылыми негіз қалыптастырып, сенсорлық мониторинг жүйелерінің сенімділігін арттыруға және миссиялық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.
Автор
С.Ж..Көшкінбаев
А.К.Кусбековна
Н.К.Смайлов
Қ.М.Ысырайыл
А.Е.Куттыбаева
DOI
Ключевые слова
FBG сенсорлары
ғарыштық орта
ұзақмерзімді тұрақтылық
қаптама технологиясы
құрылымдық денсаулықты бақылау
Брэгг толқын ұзындығы.
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
С.Ж..Көшкінбаев, А.К.Кусбековна, Н.К.Смайлов, Қ.М.Ысырайыл, А.Е.Куттыбаева ҒАРЫШТЫҚ ОРТАДА FBG СЕНСОРЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 -
Скопировано!
ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ САПАСЫН БАҒАЛАУДА ӨЛШЕУ БЕЛГІСІЗДІГІНІҢ ЕСЕБІ: ШУ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ ҚОЙНАУЫ МЫСАЛЫНДА
Аннотация
Трансшекаралық жерасты суларының сапасын бағалау қазіргі жағдайда тек гидрохимиялық көрсеткіштерді анықтаумен шектелмей, алынған нәтижелердің өлшеу сенімділігін сандық тұрғыдан дәлелдеуді талап етеді. Антропогендік әсердің күшеюі мен климаттық өзгерістер су ресурстарының жай-күйіне қосымша белгісіздік енгізіп, мониторинг деректерін интерпретациялауда метрологиялық тұрғыдан негізделген тәсілдерді қолданудың маңызын арттырады. Осы зерттеу Шу трансшекаралық су қойнауының жерасты сулары үшін аналитикалық өлшеулердің белгісіздігін бағалауға арналған жүйеленген әдістемелік негізді қалыптастыруға бағытталған. Жұмыста гидрохимиялық параметрлерді анықтау барысында белгісіздік көздерінің қалыптасуы сынама алу, үлгілерді дайындау, аспаптық өлшеу және деректерді өңдеу сатылары бойынша кешенді түрде талданды. Белгісіздікті бағалау ISO/IEC Guide 98-3 (GUM) қағидаттарына, сондай-ақ су сапасын аналитикалық бақылауға арналған халықаралық стандарттарға (ISO/IEC 17025:2017, ISO 11352:2012, ILAC G17:2021) сәйкес жүзеге асырылды. Әртүрлі үлестердің қосынды әсерін ескере отырып, стандартты және кеңейтілген белгісіздікті есептеудің қолданбалы мысалдары келтірілді. Зерттеу нәтижелері өлшеу белгісіздігін ескеру аналитикалық деректердің интерпретациясын айтарлықтай өзгертетінін көрсетті, әсіресе көрсеткіш мәндері нормативтік шектерге жақын орналасқан жағдайларда. Мұндай тәсіл су сапасының сәйкестігін бағалау кезінде қате қорытындылардың алдын алып, шешім қабылдаудың ғылыми негізділігін арттырады. Сонымен қатар күрделі есептік жағдайлар үшін Монте-Карло модельдеуі мен байесиялық бағалау сияқты баламалы әдістердің қолданылу мүмкіндіктері қарастырылды. Алынған қорытындылар өлшеу белгісіздігін бағалауды жерасты суларының сапасын мониторингтеу жүйелерінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде енгізудің зертханалар арасындағы деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуде және трансшекаралық су ресурстарын басқаруда сенімді ғылыми негіз қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Автор
Әбдіжәлел Махаббат
Тажиев Сұлтан
Ермек Муртазин
Ережеп Дархан
DOI
10.48081/BGQF1898
Ключевые слова
Өлшеу белгісіздігі, жерасты сулары, трансшекаралық су қойнаулары, ISO/IEC 17025, GUM, Монте-Карло әдісі, стандартты белгісіздік, су сапасы.
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Әбдіжәлел Махаббат, Тажиев Сұлтан, Ермек Муртазин, Ережеп Дархан ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ САПАСЫН БАҒАЛАУДА ӨЛШЕУ БЕЛГІСІЗДІГІНІҢ ЕСЕБІ: ШУ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ ҚОЙНАУЫ МЫСАЛЫНДА // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 239-259 10.48081/BGQF1898
Скопировано!
КВАНТОВЫЕ ТОЧКИ BiVO4 НА ПОВЕРХНОСТИ ZnO - НАНОТРУБОК: СИНТЕЗ И ХАРАКТЕРИСТИКА BiVO4
Аннотация
В данной работе представлена поэтапная методика синтеза гетероструктуры BiVO4/ZnO, сформированной на основе нанотрубчатых массивов оксида цинка. На первом этапе синтеза наностержни ZnO были получены гидротермальным методом, который позволяет контролировать морфологию, размеры и однородность образцов. Далее полученные наностержни подвергались электрохимическому травлению, в результате чего происходило селективное растворение центральной части структур и формирование полых нанотрубок ZnO с развитой удельной поверхностью. Синтезированные ZnO-нанотрубки использовались в качестве шаблона для последующего построения гетероструктуры BiVO4/ZnO. Осаждение BiVO4 осуществлялось двухэтапным методом, обеспечивающим равномерное распределение материала по поверхности нанотрубок и формирование квантовых точек BiVO4, что способствует улучшению межфазного контакта и разделению фотогенерированных носителей заряда. Для комплексной характеристики полученных структур применялись методы сканирующей электронной микроскопии (SEM), просвечивающей электронной микроскопии (TEM) и рентгеновской дифрактометрии (XRD), позволяющие исследовать морфологию, внутреннюю структуру и фазовый состав образцов. Кроме того, был проведён предварительный анализ структур ZnO в форме наностержней и нанотрубок, выполнен обзор литературных данных и осуществлён их сравнительный анализ с точки зрения перспектив применения в фотоэлектрохимических системах. Бұл жұмыста мырыш оксидінің нанотүтікшелі массивтері негізінде қалыптастырылған BiVO₄/ZnO гетероқұрылымын синтездеудің кезең-кезеңмен жүргізілетін әдістемесі ұсынылады. Бірінші кезеңде ZnO нанотаятшалары гидротермалдық әдіс арқылы синтезделді, бұл үлгілердің морфологиясын, өлшемдерін және біртектілігін дәл бақылауға мүмкіндік береді. Одан кейін алынған нанотаятшалар электрохимиялық травление процесіне ұшыратылып, құрылымдардың орталық бөлігі селективті түрде еріп, меншікті беткі ауданы жоғары қуыс ZnO нанотүтікшелерінің түзілуіне алып келді. Синтезделген ZnO нанотүтікшелері BiVO₄/ZnO гетероқұрылымын қалыптастыру үшін шаблон ретінде қолданылды. BiVO₄ тұндыру екі сатылы әдіспен жүзеге асырылып, нанотүтікшелер бетінде материалдың біркелкі таралуын және BiVO₄ кванттық нүктелерінің түзілуін қамтамасыз етті, бұл фазааралық контактінің жақсаруына және фотогенерацияланған заряд тасымалдаушылардың тиімді бөлінуіне ықпал етті. Алынған құрылымдарды кешенді сипаттау үшін сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM), өткізгіш электрондық микроскопия (TEM) және рентгендік дифракция (XRD) әдістері қолданылды, олар үлгілердің морфологиясын, ішкі құрылымын және фазалық құрамын зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ZnO құрылымдарының нанотаятша және нанотүтікше түрлеріне алдын ала талдау жүргізіліп, әдеби деректерге шолу жасалды және олардың фотоэлектрохимиялық жүйелерде қолдану перспективасы тұрғысынан салыстырмалы талдау орындалды. his work presents a step-by-step methodology for the synthesis of a BiVO₄/ZnO heterostructure formed on the basis of zinc oxide nanotube arrays. In the first stage, ZnO nanorods were synthesized via a hydrothermal method, which enables precise control over morphology, size, and sample uniformity. Subsequently, the obtained nanorods underwent electrochemical etching, resulting in selective dissolution of the central part of the structures and the formation of hollow ZnO nanotubes with an enhanced specific surface area. The synthesized ZnO nanotubes were then used as a template for the subsequent construction of the BiVO₄/ZnO heterostructure. BiVO₄ deposition was carried out using a two-step approach, ensuring uniform material distribution over the nanotube surfaces and the formation of BiVO₄ quantum dots, which promotes improved interfacial contact and efficient separation of photogenerated charge carriers. For comprehensive characterization of the synthesized structures, scanning electron microscopy (SEM), transmission electron microscopy (TEM), and X-ray diffraction (XRD) were employed to investigate morphology, internal structure, and phase composition. In addition, a preliminary analysis of ZnO structures in the form of nanorods and nanotubes was conducted, along with a review of relevant literature and a comparative assessment of their potential applications in photoelectrochemical systems.
Автор
Ж. Кули
Н.Б. Бакранов
Д.И. Бакранова
Ж.О. Мукаш
DOI
10.48081/BGQF1893
Ключевые слова
квантовые точки,
оксид цинка
ванадат висмута
гидротермальный синтез
нанотрубки
наностержни
кванттық нүктелер
мырыш оксиді
висмут ванадаты
гидротермалық синтез
нанотүтікшелер
нанотаяқшалар
Quantum Dots
Zinc Oxide
Bismuth Vanadate
Hydrothermal Synthesis
Nanotubes
Nanorods
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Ж. Кули, Н.Б. Бакранов, Д.И. Бакранова, Ж.О. Мукаш КВАНТОВЫЕ ТОЧКИ BiVO4 НА ПОВЕРХНОСТИ ZnO - НАНОТРУБОК: СИНТЕЗ И ХАРАКТЕРИСТИКА BiVO4 // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 166-177 10.48081/BGQF1893
Скопировано!
PROSPECTS FOR THE INTEGRATION OF LARGE LANGUAGE MODELS INTO THE SCIENTIFIC ENVIRONMENT
Аннотация
The modern integration of large language models (LLM) into computer science information systems and scientific computingal systems represents a transformational stage for both school and higher information systems and scientific computing. These neural networks, capable of generating linked text, answering questions, solving problems, and simulating dialogue, are widely used by users and system developers to prepare materials, automate assessment, personalize data processing and system workflows, and create digital content. This study provides a comprehensive assessment of LLM applications, identifies their benefits and risks, and develops practical recommendations for effective and ethical use. Key findings point to improved personalization, automation, and engagement, accompanied by challenges such as plagiarism, reduced critical thinking, and digital inequality. The paper summarizes international and domestic experience. The prospects include the integration of multimodal models and adaptive data processing and system workflows systems, which suggests that by 2030 LLMs will become a central element of the e-data processing and system workflows environment.
Автор
Celal Karaca
DOI
10.48081/BGQF1883
Ключевые слова
digitalization, management systems, effective methods, management, technology, digital solutions, innovation, digital transformation
Год
2026
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Celal Karaca PROSPECTS FOR THE INTEGRATION OF LARGE LANGUAGE MODELS INTO THE SCIENTIFIC ENVIRONMENT // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2026 - №1 - 46-58 10.48081/BGQF1883
Скопировано!