ТАУ-КЕН ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
Мақалада тау жыныстарының шығу тегіне, олардың түрлеріне анықтамалар беріліп отыр. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Яғни, олар магмалық, метаморфтық, шөгінді жыныстар деп аталатын маңызды түрлерге жіктеледі және де тау кен жыныстарының негізгі физикалық қасиеттері мен құрылымы, құрамы туралы келтірілген. Тау кен жыныстары механикасында: кеуектілік, тығыздық, беріктік мен жыныстардың бұзылуы, деформациясы, серпімділік және акустикалық қасиеттері маңызды болғандықтан олар жайлы сипатталды. Тау кен жыныстарының осындай қасиеттері мен құрылымын зерттеу олардың физикалық және техникалық сипаттамаларын болжауға мүмкіндік береді. Және тау-кен жыныстарының қасиеттерін заманауи технологияларды пайдаланып есепті шығарудың жеңіл тәсілі ретінде «MathCad бағдарламасы» пайдаланылды. Заманауи технологияны пайдалана отырып тау-кен жыныстарының серпімділік қасиеттеріне анықтау үшін Mathcad бағдарламасы көмегімен есептеулер жүргізілді. Қолданып отырған Mathcad бағдарламасы сандық көрсеткіштерді компьютер арқылы шығару жолдарын көрсетеді және де нәтижесінде қума толқынның (Юнг модулінің) көрсеткіші шығарылды.
Автор
Бейсенбек А
Заурбекова Н
DOI
https://doi.org/10.48081/AFTI9636
Ключевые слова
механика, тау жыныстары, акустика, деформация, Mathcad бағдарламасы.
Год
2023
Номер
Выпуск 3
Для цитирования:
Бейсенбек А, Заурбекова Н ТАУ-КЕН ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2023 - №3 - https://doi.org/10.48081/AFTI9636
Скопировано!