«КЕҢЕЙТІЛГЕН ШЫҢДЫҚТЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА ТАЛДАУ ЖӘНЕ ШОЛУ
Аннотация
Мақалада «кеңейтілген шыңдықты оқу процесінде қолдану» тақырыбына талдау және шолу жасалған. Кеңейтілген және виртуалды шындық цифрлық құрылғылар мен бағдарламалар арқылы жасалған объектілер арқылы адам өмірінің физикалық кеңістігін кеңейтуге бағытталған жылдам дамып келе жатқан технологиялар деген тұжырым қалыптасқан. Сондықтан, кеңейтілген шындық Augmented Reality (AR) пен виртуалды шындықтың (VR) ерекшеліктері салыстырылып, олардың білім беру саласындағы қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. AR пайдаланушыларға нақты ортада енгізілген виртуалды нысандарды көруге және олармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Талдау және шолу кезінде төрт ғалымның зерттеу жұмыстары қарастылырылған, атап айтқанда, А.Новикова, И.Минина, Ю. Ю. Дюличева, С. С. Аверьянова. Авторлар кеңейтілген шындықтың білім беру процесінде оқушылардың материалды қабылдауын жақсартып, оқу үдерісін көрнекі және интерактивті етуге ықпал ететінін атап көрсетеді. Зерттеу жұмыстарында AR технологиясының болашағы мен оның білім беру саласына ықпалы жан-жақты қарастырылып, осы бағыттағы даму перспективалары талданады. Қарастырылған жұмыстарда AR технологиясының басты ерекшеліктері ретінде нақты және виртуалды әлемнің үйлесімділігі, интерактивтілік, сондай-ақ объектілердің үш өлшемді көрінісі атап өтіледі. Сонымен қатар, AR технологиясының ғылыми, медициналық және инженерлік білім беру салаларында да үлкен әлеуетке ие екендігі атап өтіледі.
Автор
Кыдыралина Л.М.
Ринатова Ш.Р.
DOI
https://doi.org/10.48081/QNOO3470
Ключевые слова
кеңейтілген шыңдық
виртуалды шыңдық
шыңдық технологиялары
қосымшалар
оқу процесі
Год
2025
Номер
Выпуск 2
Для цитирования:
Кыдыралина Л.М., Ринатова Ш.Р. «КЕҢЕЙТІЛГЕН ШЫҢДЫҚТЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА ТАЛДАУ ЖӘНЕ ШОЛУ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2025 - №2 - 96-108 Б. https://doi.org/10.48081/QNOO3470
Скопировано!