МАРКЕТПЛЕЙСТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Аннотация
Қазіргі таңда цифрлық экономиканың қарқынды дамуы аясында маркетплейстер онлайн-сауда әлемінде басты рөл атқаруда. Маркетплейс сатушылар мен сатып алушыларға бір-бірін оңай табуға мүмкіндік беретін үлкен онлайн нарық сияқты. Сонымен қатар, маркетплейстер арқылы сату өте танымал, ал маркетплейстер көбінесе интернет-дүкендермен де шатастырылады. Бірақ тауарды сатудың әртүрлі түрлерінің мүлдем басқа заңды ерекшеліктері бар екенін түсіну керек. Маркетплейстердің айрықша ерекшеліктері – тауарлардың кең ассортименті, пайдаланушы мен жеткізушінің авторизациясы, сатып алушы мен сатушының жеке кабинеті, төлем мен жеткізудің әртүрлі нұсқалары болып табылады. Тауарларды өз қоймаларына орналастырады, тапсырыстарды сатып алушыларға жеткізеді, сатып алушыларды сайтқа тартады, сатушыларға жарнамалық құралдар мен сату талдауларын ұсынады.
Бұл мақалада маркетплейстердің құрылымына баса назар аударылады. Маркетплейске swot талдау жасау барысында оның артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады. Сонымен қатар оның пайдасы мен қауіптері де анықталады. Және де маркетплейс қазіргі таңда қаншалықты қажет екенін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 107 қатысушы қатысты. Осы сауалнамаға жауап берген қатысушылардың нәтижелері талқыланады.
Автор
А. Авдил, Ж. С. Алимова, Н. Н. Дюсенгазина
DOI
https://doi.org/10.48081/UFWE3693
Ключевые слова
маркетплейс, интернет-дүкен, жеткізуші, сатып алушы, тауарларды онлайн сату.
Год
2023
Номер
Выпуск 4
Для цитирования:
А. Авдил, Ж. С. Алимова, Н. Н. Дюсенгазина МАРКЕТПЛЕЙСТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2023 - №4 - https://doi.org/10.48081/UFWE3693
Скопировано!