МЕКТЕП-ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
Аннотация
Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастықты жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Мақаланың мақсаты: мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау.
Зерттеуде іс-әрекет және құзыреттілік тұғырларының интеграциясы, жүйелілік-синергетикалық тұғыр, транспәндік тұғыр әдіснамалық негіз ретінде алынды. Авторлар мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыру мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдау мен ортақ бір жүйеге келтіру, сонымен қатар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін қолданады. Мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастықты жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау үшін конструктивизм педагогикасының негізгі принциптері ескерілді.
Зерттеу барысында: 1) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруға әсер ететін факторлар айқындалды; 2) сабақтастыққа берілген қазіргі ғылыми түсініктемелерге сәйкес оқытуда осы приннципті жүзеге асырудың жолдары анықталынды; 3) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруда жобалық және транспәндік оқыту технологияларын қолдану негіздері дәлелденді; 4) транспәндік тұғыр негізінде дидактикалық материалдарды әзірлеудің жаңа үлгісі ұсынылды.
Қорытындылай келе, авторлар мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік шарттарын ұсынады.
Автор
Искакова Анаргуль Батырбаевна
Раимжанов Исраилжан Исмаилжанович
Айдарбекова Акмарал Абылаевна
Зейтова Шолпан Сериковна
DOI
https://doi.org//10.48081/TFIC2621
Ключевые слова
физика
сабақтастық принципі
оқытудың транспәндік технологиясы
жобалық оқыту технологиясы
әдістемелік жүйе
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Для цитирования:
Искакова Анаргуль Батырбаевна, Раимжанов Исраилжан Исмаилжанович, Айдарбекова Акмарал Абылаевна, Зейтова Шолпан Сериковна МЕКТЕП-ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2022 - №4 - https://doi.org//10.48081/TFIC2621
Скопировано!