ЭЛЕКТРОНДЫ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды дамыту үшін электронды басылымдардың өзекті аспектілері ақпараттық технологиялардың қазіргі тенденциялары тұрғысынан қарастырылады. Әдеби шығармалардың мәдениеттің және білімнің маңызды аспектісі болып қала беретіні, ойлаудың әртүрлілігіне, рухани әлемді байытуға және адам табиғатын терең түсінуге ықпал ететіні көрсетілген. Осыған орай жылдам технологиялық прогресс жағдайында электрондық басылымдардың даму перспективалары талқыланады. Бұл зерттеу қазіргі ақпараттық қоғамында білімді сақтау, оған қол жеткізу және оны таратудың маңызды құралы ретінде электронды басылымдарға терең көзқарас ұсынады.
Деректер қауіпсіздігі, технологиялық өзгерістер сияқты электрондық басылымдарда кездесетін мәселелер талданып, электрондық басылымдардың тез өзгеретін цифрлық кеңістікке бейімделу мәселесін қалай шешеді деген сұрақ қарастырылады. Сонымен қатар, әдеби шығармалардың үлкен көлеміне лезде қол жеткізу, электрондық ресурстарды қайта пайдалану мүмкіндіктері сияқты артықшылықтарға талдау жасалынады. Білім беру мүмкіндіктерін жақсартуға және оқырмандардың мәтіндермен өзара әрекеттесуінің жаңа формаларына ерекше назар аударылады.Мақалада электронды басылымдар әдеби мұраны сақтау және дамытуда маңызды рөл атқаратыны, оның кең таралуына ықпал етуі және оқырмандар мен авторлардың жаңа буынын шабыттандыратыны жайлы бірқатар тақырыптар қозғалады.
Автор
Умарова Алина Руслановна
DOI
https://doi.org/10.48081/BYQM9418
Ключевые слова
электронды басылым
әдеби мұра
деректер қауіпсіздігі
деректерді хэштеу
оқырмандар белсенділігі
авторлар белсенділігі
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Для цитирования:
Умарова Алина Руслановна ЭЛЕКТРОНДЫ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2025 - №1 - 91 – 100 Б. https://doi.org/10.48081/BYQM9418
Скопировано!